Жыл басынан бері шекара арқылы жалпы құны 1 млрд 390 млн теңгеден асатын тауарларды заңсыз тасымалдаудың 143 дерегі тіркелді. Күдіктілер халық тұтынатын тауарларды, автомобиль бөлшектерін, темекі бұйымдарын және тағы басқа тауарларлы шекарадан заңсыз өткізбек болды. Жалпы 1 019 құқықбұзушы ұсталды, - деп жазылған хабарламада.ҰҚК төмендегі нақты деректерге тоқталды:
- Таразда заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырды деген күдікпен шетел азаматы ұсталды.
- Талдықорғанда полицияның көмегімен 2 қазақстандық ұсталды. Олардан 222 ақбөкен мүйізі тәркіленді.
- Жамбыл облысының Меркі ауылында Қазақстан азаматы ұсталып, оның тұрғылықты жерінен 8 келі есірткі (гашиш) тәркіленді.
- «Жаңажол» (СҚО) және «Қордай» (Жамбыл облысы) өткізу пункттерінде құны 160 млн теңгеден асатын көлік бөлшектері мен электронды темекілерді заңсыз алып өту дерегі анықталды.