Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, мектеп асханасының бұл жағдайға қатысы жоқ. Департамент басшысы Райхан Қойшанованың айтуынша, уланған оқушылар мектеп асханасынан тамақтанбаған.
"Оқиға туралы хабарлама түскен соң, біздің үш маман дереу оқиға орнына барды. Тексеру барысында тәттінің сатылған дүкенінде сәйкестендіру құжаттары мен таңбалары жоқтығы анықталды. Бұл жағдайға байланысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, аудандағы 45 дүкен тексерілді. Зерттеуге екі түрлі өнім алынды", – деді ол.
Қазіргі таңда санитариялық бақылау органдары мектеп оқушылары тұтынатын азық-түліктерге қатаң мониторинг жүргізіп жатыр.