«Еңбек жолын 2001 жылы Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы М. Горький атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің тәжірибе меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің білім саласындағы бақылау басқармасының бас сарапшысы, 2016-2020 жылдары ҚХР Бейжің қаласы Бейжің педагогикалық университеті профессорының ассистенті, «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК-ның қолданбалы зерттеулер және халықаралық әріптестік орталығының бас сарапшысы, 2020-2021 жылдары Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің Білім беру мектебінің деканы» - деп жазды әкімдіктің ресми сайты.Айта кетейік, ол 2021 жылғы қазан айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры қызметін атқарған.
Облыстық білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
caption