«Жәбірленушілердің біреуі қашамын деп, бесінші қабаттан секіріп кетті. Ер адам аман қалды, бірақ денесінде сау жері қалмады. Күдіктілер екінші жәбірленушіні көлікке отырғызып, ізін суытпақ болды. Бірақ "Астана – Павлодар" автожолында ұсталды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша іс қозғалды» -деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.Ал Оралда полиция қызметкерлері колледж студенттерінен құралған қылмыстық топты ұстады. Олар бопсалау, тонау және алаяқтықпен айналысты. Аталған факті бойынша сегіз қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Полиция қылмыстық топтардан зардап шеккен адамдарды дереу хабар беруге шақырып отыр. Ақпараттың құпиялылығына және адамның қауіпсіздігіне кепілдік беріледі.
Қорқытып ақша сұрағандардан қашу үшін жәбірленуші 5-қабаттан секіріп кеткен – ІІМ
caption