«9 шілдеде Қордай ауданы Қаракемер ауылының тұрғыны Қ. Ақыпов дене жарақатымен полицияға шағымданған. Ол өзін әкім орынбасары Қ.Бақаевтың ұрғанын айтқан. Ақыпов Бақаевтың ағайындарының малшысы болып жұмыс істеген», - дейді облыстық әкімдік.Облыстық полицияның мәліметінше тергеу жүріп жатыр.
«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша дене жарақатының дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы жасалып жатыр. Сараптама нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады», - дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.Әлеуметтік желідегі ақпаратта шопан мал иелерінен жалақысын төлеуді сұраған. Алайда әкім орынбасары мен ағайындары шопанды аяусыз ұрып тастаған. Олар шопанға бір жылдық еңбегі үшін 1 миллион теңге және бір жылқы төлеу керек болған.