Контентке өту

Президент: Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады

Президент: Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталатынын айтты.

Президенттің айтуынша, Халық Кеңесі – Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган. Жаңа құрылым еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік және қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстырады.

Мемлекет басшысы Халық Кеңесінің заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болатынын атап өтті.

«Шын мәнінде, бұл – бірегей орган», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, осылайша қысқа уақыттың ішінде биліктің барлық негізгі институттары жаңғырып, алдағы реформаларға тың серпін бермек.

Мемлекет басшысы өз сөзінде елге қызмет етудің маңызын да атап өтті. Оның айтуынша, нағыз отаншыл азамат үшін өз халқына адал қызмет етуден асқан бақыт жоқ. Ұлт мүддесі әрдайым бәрінен биік тұруға тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті, Күшті Қазақстанды құру баршаға ортақ міндет екенін айтып, ел аманатына адал болу парыз екенін жеткізді.

Президент Құрылтай депутаттарына табыс тілеп, олардың осы жолда табанды еңбек ететініне сенім білдірді.

«Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін! Қазақстан Республикасы жасасын!» – деді Мемлекет басшысы.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты