Әлемдік жұлдыз Алматыдағы Орталық стадионда өткен концерттен кейін Instagram парақшасында Қазақстандағы әсерімен бөлісті.
«Қазақстан! Мен сені жақсы көремін! Рақмет, Алматы!» — деп жазды әнші.
Ол концерттен кейін тағы бір видео жариялап, қазақстандық жанкүйерлерге жылы лебізін білдірді.
«Қазақстан, мені осылай жылы қабылдағаның үшін және осындай керемет болғаның үшін тағы да рақмет!» — деді Энрике Иглесиас.
Әншінің Қазақстанға деген ықыласы сөзінен-ақ көрініп тұр. Ал Алматыдағы концерттен қалған әсері, шамасы, Иглесиастың өзіне де ерекше болған, деп хабарлайды baq-orda.kz.