Контентке өту

Қазақстандық Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Көркем гимнастикадан Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір медаль жеңіп алды.

Бүгін, 25 мамырда жекелей көпсайыстың финалы өтті. Қазақстан намысын Айбота Ертайқызы мен Ақмарал Ерекешева қорғады.

Жарыс қорытындысы бойынша Айбота Ертайқызы 113,65 ұпай жинап, күміс медаль иеленді. Ал Ақмарал Ерекешева 111,90 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады.

Алтын медаль Өзбекстан өкілі Тахмина Икромоваға бұйырды - 115,10 ұпай. Қола жүлдені оның отандасы Наталья Усова жеңіп алды - 112,40.

Айта кетейік, бүгін топтық көпсайыстың финалы да өтеді.

Еске сала кетсек, бір күн бұрын Қазақстан құрамасы командалық көпсайыста күміс жүлдеге ие болған еді.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты