Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанның Нагпур қаласында өткен ITF W15 сериясындағы турнирдің абсолютті жеңімпазы атанды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Спортшы жекелей және жұптық сында үздік болды.
Жекелей сындағы финалда Жібек жергілікті теннисші Сонал Патилмен кездесті. Шешуші матч қазақстандықтың екі сетте жеңісімен аяқталды — 6:1, 6:3.
Жұптық сында Құламбаева турнирде ресейлік Екатерина Яшинамен дуэтте өнер көрсетті.
Финалда теннисшілер Элина Неплий / Ксения Ласкутова (Ресей) жұбын жеңді. Кездесу 5:7, 6:4, 10:6 есебімен аяқталды.
Нагпурдағы қос жеңістің маңызы ерекше: жекелей және жұптық сындағы жеңістер Жібек үшін осы маусымдағы алғашқы титулдар болды, ол бұған дейін алған жарақатынан кейін қалпына келген еді.