Контентке өту

ҚазҰСШИУ халықаралық серіктестермен жаңа магистрлік бағдарлама әзірлейді

ҚазҰСШИУ халықаралық серіктестермен жаңа магистрлік бағдарлама әзірлейді
https://kaznuvhi.edu.kz

Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті халықаралық серіктестермен бірлесіп жаңа білім беру бағдарламаларын дамыту бағытында маңызды қадам жасады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Халықаралық су ресурстарын басқару институты (IWMI) арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған келісім Астана қаласында өткен өңірлік экологиялық саммит аясында жүзеге асырылып, су ресурстарын басқару, су дипломатиясы және гидрометеорология салаларындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған.
Меморандум аясында тараптар «Су дипломатиясы» бағыты бойынша магистрлік білім беру бағдарламасын бірлесіп әзірлеу және іске асыру жөнінде келісімге келді. Сонымен қатар, құжатта ғалымдар мен оқытушылар алмасу, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, халықаралық гранттық жобаларға қатысу, сондай-ақ ірі конференциялар мен симпозиумдар ұйымдастыру көзделген.
Әріптестікті жүйелі түрде дамыту мақсатында арнайы жол картасын әзірлеу жоспарлануда. Өз кезегінде, International Water Management Institute ұйымы Blue Peace Central Asia бастамасы аясында жобаны толыққанды сараптамалық және ұйымдастырушылық қолдауға дайын екенін растады.
Бұл бастама су ресурстарын тиімді басқару саласында жоғары білікті мамандар даярлауға және өңірлік ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.      

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты