Контентке өту

ҚазҰСШИУ жастары министрмен еркін форматта сұхбаттасты

ҚазҰСШИУ жастары министрмен еркін форматта сұхбаттасты

Бүгін Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Сапар аясында министр университет басшылығымен кездесіп, жоғары оқу орнының даму бағыттары, су саласына білікті кадрлар даярлау, білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді. Тараптар су ресурстарын тиімді басқару, ирригация жүйесін жаңғырту және салаға заманауи мамандар тарту бағытындағы өзара ынтымақтастықты талқылады.

Сонымен қатар, министр университеттің белсенді жастары, еріктілері және студенттерімен жүздесті. Еркін форматта өткен кездесуде жастар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, болашақта жұмысқа орналасу, өндірістік тәжірибеден өту, кәсіби машықтарды жетілдіру мәселелері төңірегінде пікір алмасты.

Нұржан Нұржігітов студенттердің сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, су саласының болашағы жастардың білімі мен белсенділігіне тікелей байланысты екенін атап өтті. Сондай-ақ, білімді де бәсекеге қабілетті жас мамандарға әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Кездесу соңында министр студент жастармен естелік суретке түсіп, оларға сәттілік тіледі.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты