Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі – қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік. Осы құндылықтарды нығайту жолында Құрылтайдың орны ерекше. Құрылтай – халықтың үні естілетін, елдің дамуына қатысты маңызды бастамалар талқыланатын қоғамдық институт. Оның қызметі азаматтардың белсенділігін арттырып, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді одан әрі нығайтуға бағытталған.
2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сайлауы – ел тарихындағы маңызды оқиға. Бұл сайлау Құрылтайдың жаңа құрамын қалыптастырып, қоғамның әртүрлі саласының өкілдерін ортақ мақсатқа жұмылдырады.
Тарихтан тағылым алып, болашаққа нық қадам басқан ел ғана биік белестерді бағындырады. Сондықтан Құрылтай – татулықты ту етіп, ел бірлігін нығайтатын маңызды қадамдардың бірі. Бірлігі жарасқан халықтың болашағы әрқашан жарқын болмақ.
Байжан Емберді, журналист