Қазақстандық танымал қыздар тобы — KeshYou туралы түсірілген деректі фильм көрермен арасында үлкен қызығушылық тудырды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Әсіресе, фильмді көрген желі қолданушылары өз әсерлерін ашық айтып, түрлі пікір қалдыруда.
Threads желісіндегі қолданушылардың бірі фильмді толық көріп шыққанын айтып, жобаның ауқымды еңбектің нәтижесі екенін атап өтті. Оның сөзінше, продюсер Баян Мақсатқызы мен оның командасы үлкен жұмыс атқарған.
Пікір авторы әр құрамның өзіндік ерекше тарихы бар екенін айтып, топта өнер көрсеткен қыздардың әрқайсысы қызықты тұлға екенін жеткізеді. Сонымен қатар, ол Жұлдыз есімді қатысушыны ең сезімтал деп атап, оның бүкіл командадан кешірім сұрағанын ерекше атап өткен. Айтуынша, сол сәтте өзі де бірге жылаған.
Ал Айдана Меденова туралы пікір білдірген қолданушы оны қарапайым әрі жұлдыз ауруына шалдықпаған жан ретінде сипаттайды.
Дегенмен, кейбір жайттар желі қолданушысын таңғалдырған. Атап айтқанда, ол Елизаттың ісінің сотқа дейін жеткеніне қатысты ойын білдіріп, бұл жағдайды күтпегенін жазған. Оның пікірінше, бұл оқиға көпшілікке беймәлім тұстарды ашып берген.
Жалпы, деректі фильм тек топтың шығармашылық жолын ғана емес, сонымен қатар қатысушылардың жеке өміріндегі күрделі кезеңдер мен шешімдерді де көрсеткен. Осы арқылы көрермендер KeshYou тарихына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, топтың 20 жылдық мерейтойына орай түсірілген бұл жоба отандық шоу-бизнес тарихындағы ең шулы әрі талқыланған туындылардың біріне айналып отыр.