Контентке өту

“Сен біз үшін ең мықтысың”: Еркебұлан Тоқтардың анасы ұлына қолдау білдірді

“Сен біз үшін ең мықтысың”: Еркебұлан Тоқтардың анасы ұлына қолдау білдірді
ашық дерек

Қазақстандық файтер әрі актер Еркебұлан Тоқтар Арменияның Ереван қаласында өткен Hype FC 28 турнирінде қырғызстандық қарсыласына есе жібергеннен кейін, оның анасы әлеуметтік желіде жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Анасы ұлының бала кезінен қандай болғанын еске алып, оның отбасы үшін ерекше орын алатынын атап өтті. Оның айтуынша, Еркебұлан – көптен күткен перзент, сабырлы мінезімен және еңбекқорлығымен ерте жастан ерекшеленген.

- «Ол біздің шетінеп кеткен баламыздан кейін дүниеге келген өте қадірлі ұлымыз. Кішкентайынан сабырлы, көп мазаламайтын. Өзінен кейінгі бауырларына қамқор болып өсті. Бес жасында-ақ маған көмектесіп, ауыр жүкті көтеріп жүретін», — деп еске алды анасы.

Сондай-ақ ол ұлына деген ақ тілегін білдіріп, қандай жағдай болса да оны мақтан тұтатынын жеткізді.

- «Жаным балам, сен біз үшін ең қымбатты, ең мықты ұлсың. Саған әрдайым ризамыз. Алла саған денсаулық, амандық, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары да бұл жазбаны жылы қабылдап, ана махаббатына тәнті болғандарын білдірді. Көпшілік Еркебұлан Тоқтарға қолдау білдіріп, алдағы жекпе-жектерде сәттілік тіледі.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты