«Салмақ деген Аллаға шүкір енді. Ештеңе етпес, арықтап алам ғой. Білмеймін, сиыр болсам баяғыда «мясокомбинатқа» өткізіп жіберер еді мені. Адам боп жаным қалып жүр екен. Сүтім аз, үлкен қыздарымда да солай болған. Үлкенім 8 айлығында омырауды ембей қойды. Ол кезде сүтім құнарсыз, көк су болатын. Қосымша сүтке де тәбеттері жақсы болды. Осы балада қатты армандадым, жұрттар баласын емірене емізіп отырса қызығып қараушы едім. Қызым сол бақытқа жеткізді. Емізгенде рахаттанып отырам» деді Алтынай Жорабаева.
«Сиыр болсам, баяғыда ет комбинатына өтіп кетер едім»: Алтынай Жорабаева босанғаннан кейінгі өмірі жайлы айтып берді
caption