Контентке өту

Таеквондошы Алидар Абдукаримов жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Таеквондошы Алидар Абдукаримов жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Қазақстан таеквондо құрамасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында тағы бір жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Алидар Абдукаримов 68 келіге дейінгі салмақта қола медаль иеленіп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Спортшы жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде өзбекстандық Аюбхон Набиевке жол берді. Нәтижесінде қазақстандық таеквондошы әлем чемпионатын үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, осы нәтижеден кейін ұлттық құраманың еншісіндегі жүлделер саны төртеуге жетті. Бұған дейін Айым Серікбаева (44 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алса, Ерасыл Ерзат (48 келіге дейін) пен Ислам Медетбай (55 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты