Контентке өту

«Тараз» жаңа маусымды жаңарған құраммен бастады

«Тараз» жаңа маусымды жаңарған құраммен бастады

Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде «Тараз» футбол клубының жаңа маусымға арналған жаңартылған құрамының ресми таныстырылымы өтті. Маңызды шараға клуб жанкүйерлері, ардагер ойыншылар, қазіргі футболшылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жиналып, жаңа маусым алдындағы басты жаңалықтарға куә болды, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Кеш шынайы футбол мерекесіне айналды. Көрермендерге клубтың өткен жолы мен бүгінгі бағытын ұштастырған мазмұнды бағдарлама ұсынылды. Арнайы дайындалған бейнероликтер арқылы жанкүйерлер клуб тарихына тағы бір үңіліп, жаңа маусымға жасақталған құраммен танысты.

Айта кетерлігі, биыл «Тараз» клубы өз тарихында алғаш рет ресми маскотын таныстырды. «Родной» деп аталған жаңа символ клуб гимнімен сахнаға шығып, жанкүйерлермен ерекше форматта жүздесті. Бұл – клубтың брендтік бейнесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

Сондай-ақ, клуб гимнінің авторы Жазылбек Алдабергеновке құрмет көрсетіліп, арнайы сый табысталды. Бұл кеш тек жаңа құрамды таныстырумен шектелмей, клубтың дамуына үлес қосқан тұлғаларды ұлықтаумен де ерекшеленді. Танымал футболшылар мен ардагерлерге «Алғыс хаттар» беріліп, олардың қазақ футболына қосқан еңбегі жоғары бағаланды.

Кештің сәнін концерттік бағдарлама аша түсті. Introvert, Taspay, CALI, Duman Marat және De Lacure сынды жас орындаушылар өздерінің танымал әндерін орындап, көрермендердің көңіл-күйін көтерді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар тарапынан ұтыс ойындары өткізіліп, смартфондар мен басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Жалпы, жаңа маусым қарсаңындағы бұл таныстырылым «Тараз» клубының тың серпінмен, жаңарған құраммен және жаңа идеялармен алаңға шығуға дайын екенін көрсетті. Клуб үшін бұл тек жаңа маусымның бастауы ғана емес, жанкүйер сенімін ақтауға бағытталған кезекті жауапты кезең.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты