Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Жазғы Пара Азия ойындарында Қазақстан құрамасының спортшысы Айжан Берімқұлова пара пауэрлифтингтен қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Әйелдер арасындағы жарыста жамбылдық спортшы 101 келі нәтижесін көрсетіп, үздік үштіктің қатарына енді.
Айжан Берімқұлованы айтулы жетістігімен құттықтаймыз! Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті