Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін ұлыбританиялық Дензел Бентли қарсы өткізеді, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Бұл мүмкіндік Бентлидің соңғы жекпе-жегінен кейін белгілі болды. Ол венесуэлалық қарсыласын жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақта уақытша чемпион атанды.
Осы нәтижеден кейін дәл осы британиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы ретінде анықталды.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы бұған дейін де әлемдік деңгейде өзін дәлелдеп, орта салмақтағы басты чемпиондардың бірі саналады. Ал алдағы жекпе-жек оның мансабындағы маңызды кездесулердің бірі болмақ.