Контентке өту

"Жеңіл" ақшаның - ауыр зардаптары: Жамбыл облысының полициясы жастарды есірткі қылмыстарынан сақтандырады

"Жеңіл" ақшаның - ауыр зардаптары: Жамбыл облысының полициясы жастарды есірткі қылмыстарынан сақтандырады
ашық дерек

Жазғы демалыста жасөспірімдер мен жастардың бос уақыты көбейеді. Осыған байланысты оларды заңсыз есірткі айналымына қатысты қылмыстық схемаларға тарту қаупі де арта түседі.

Осыған орай, Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жастарға маңызды ескерту жасайды: «тез әрі оңай табыс» туралы ұсыныстарға алданбаңыздар. Мұндай әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеліп, болашаққа үлкен зиянын тигізуі мүмкін.

Жамбыл облысында 25 мамыр мен 26 маусым аралығында Халықаралық нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес күніне орай бір айлық іс-шаралар өткізілуде. Осы шара барысында полиция қызметкерлері жастар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, есірткі қылмыстарына қатысудың құқықтық салдарын түсіндіруде және заңды, қауіпсіз жолды таңдауға шақыруда.

Қаскөйлер жастарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы есірткі таратуға жиі тартады. «Тәжірибесіз жоғары табысты жұмыс» деген желеумен жасөспірімдерге интернет-дүкендердің мекенжайларын граффити түрінде жазу, есірткі жасырын орындарын дайындау, тыйым салынған заттарды тасымалдау немесе курьер болу ұсынылады.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты