Бөлінген 3,7 млрд. теңгенің 890 млн. теңгесі ауыл шаруашылығы тауларын өндірушілер тарапынан растайтын құжаттарды ұсынбауы, кейбір жағдайларда олардың сәйкес келмеуі себебінен мемлекеттік бюджетке қайтарылды. Атап айтқанда, Жамбыл ауданынан алты шаруа қожалығы тиісті құжаттарды ұсынбаған. Байзақтық екі шаруа өтемақы алудан бас тартса, Меркі және Байзақ ауданының үш шаруа қожалығы субсидиялар бөлінген дақылдардан басқа дақыл түріне субсидия беруді талап еткен. Бұл ретте өзге дақылдар бойынша субсидия алынған. Сонымен қатар, қордайлық тоғыз, байзақтық төрт шаруа қожалық талаптарға сай келмеуі, яғни, жерге меншік құқығын растайтын құжаттардың болмауына байланысты өтемақыға қол жеткізе алмады. Арнайы комиссия Меркі және Т.Рысқұлов ауданының 6 шаруа қожалығына өз ұңғымаларының болуы себебінен және Талас ауданының 1 шаруашылығына «Қазсушар» РМК-мен келісім шарттың болмауына байланысты өтемақы беруден бас тартты- деп баяндады облыс әкімінің орынбасары.
Жамбыл облысының шаруалары толығымен өтемақы алды-Қанатбек Мәдібек
caption