Жаңалықтар

Вице-министр: Әскердегі суицидтің бір себебі – несие

Вице-министр: Әскердегі суицидтің бір себебі – несие

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев әскерилер арасындағы суицидке төленбеген несиелер де себепкер болып жатқанын айтты. «Бізге 18 жастағы жігіттер борышын өтеуге келеді. Солардың ішінде, өкінішке қарай, мойнында 9 млн теңге тұрмыстық және басқа да неиесі бар сарбаздар болды. Бұл – бір себебі. Яғни, бұдан да бөлек әлеуметтік проблемалар бар. Соның бәрі суицидтің триггері болып жатыр. Жалпылама айту қиын. Әр жағдайды жеке алып қарау керек. Әр жағдайда бір өмір қиылып жатыр. Сондықтан себебін жалпылама сипаттап айтуға болмайды», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде. Вице-министр биыл тіркелген қайғылы оқиғалардың себебіне де тоқталды. «Бізде болған 4 қайғылы жағдай туралы айтсақ, екеуі отбасындағы тұрмыстық даудан болған. Қалған екеуі бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр. Сондықтан нақты мәлімет айта алмаймын», — деді Дархан Ахмедиев. Министр орынбасарының дерегі бойынша, биыл Қарулы күштерде 7 суицид әрекеті тіркеліп, төртеуі қайғылы аяқталған.