Жаңалықтар
Жамбылда балаларды киім-кешекпен қамтамасыз етуге 1,5 млрд теңге бөлінген
- author BAQ-Orda
- 12 тамыз, 2022
- 141
Жамбылда балаларды киім-кешекпен қамтамасыз етуге 1,5 млрд теңге бөлінген
2022 жылы жекелеген санаттағы балаларды киім-кешекпен ақшалай қамтамасыз етуге жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен 1,5 млрд теңге қаржы бөлінді.
Киім-кешекке бөлінген қаржы 2022 жылғы 11 тамыздан бастап ата-аналардың немесе олардың заңды өкілдерінің жеке шоттарына аударылуда.
Ал, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.01.2008 жылғы № 64 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар жаңадан енгізілуде, қаулы күшіне енгеннен кейін қолданыстағы заң аясында жұмыстар жүргізілетін болады.
Жекелеген санаттағы балаларды киім-кешекпен қамтуға арналған қаржы ағымдағы жылғы 17 тамызға дейін ата-аналардың жеке шоттарына 100% аударылады.
Бүгінгі күні облыс бойынша жекелеген санаттағы отбасынан шыққан балалардың саны - 47598.
Өткен жылы «Мектепке жол» акциясы барысында жергілікті бюджет есебінен 43654 балаға (әр балаға 32500 теңгеден)1 млрд. 418 млн. теңгеге киім-кешекке ақшалай, демеушілер есебінен 1518 балаға28 млн. 710мың теңгеге әлеуметтік көмек көрсетілген.