Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды
ЕуроАзия ынтымақтастығы Қаржы-банк қауымдастығының (ЕАС ФБА) кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен Экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаев Қауымдастықтың Бақылау кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Жалпы жиналыс барысында SLC-Rus компаниясының негізін қалаушы Ли Шобин (Қытай) ЕАЫ ҚБҚ президенті болып сайланды.
ЕАЫ ҚБҚ – Еуразияның 26 елінен кәсіпкерлердің, коммерциялық ұйымдар мен банктердің, қоғамдық және ғылыми-өндірістік бірлестіктердің қаржылық, банктік және іскерлік одақтарын біріктіретін қоғамдық үкіметтік емес ұйым.
Қауымдастық қызметінің мақсаттары:
-қауымдастық мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында оларға консультациялық, әдістемелік және өзге де көмек көрсету;
— қауымдастық мүшелерін қызықтырған қаржы-банк және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша бірлескен шешімдер әзірлеу;
— Еуразия елдері бизнес қоғамдастығының шоғырландырылған ұстанымын қалыптастыру және мемлекеттік билік органдарына және Халықаралық ұйымдарға ұсыну;
-Еуразия елдері кәсіпкерлерінің тиімді қаржы-банк, сауда-экономикалық, өндірістік, ғылыми-техникалық және инвестициялық ынтымақтастығы үшін жағдай жасау.
Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев 1963 жылдың 13 қазанында туған. 1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Қала және ауыл халқының өмір сүру деңгейі мен жағдайлары» (1990).
1985-1988 жылдары-Алматы халық шаруашылығы институтының Саяси экономика кафедрасының оқытушысы.
1988-1992 жылдары-С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті.
1992-1993 жылдары – «Маруе» туристік-коммерциялық фирмасының президенті.
1993-1997 жылдары – «Қазмет» АҚ Бас директоры.
1997-1998 жылдары – «Лукойлнефтегазстрой-К» ЖАҚ бас маманы, бас директорының орынбасары.
1998-2002 жылдары-Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. Қазақстан Республикасы Шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.
2002-2004 жылдары-Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
2004-2007 жылдары-Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы.
2007-2008 жылдары-Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы. 2008-2012 жылдары-Павлодар облысының әкімі.
2012 жылы-Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі.
2012-2013 жылдары — «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары — Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі.
2014-2016 жылдары-Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.
2016-2019 жылдары-Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі. 2019 жылдың 1 наурызынан 24 наурызға дейін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
2019 жылдың наурыз айынан маусымға дейін — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы. 2019 жылдың 28 маусымынан 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін — Алматы қаласының әкімі.