Әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында депутаттыққа үміткер болған Аша есімді азаматшаға қатысты жазба жариялады. Оның айтуынша, көпшілік отырған дастархан басында Ашаға амандасқанымен, ол сәлемін алмаған, деп хабарлайды baq-orda.kz.
«Депутат бола алмай қалғанын менен көрді ме, кім біледі?!» деп жазған Меруерт Түсіпбаева болған жағдайға таңданысын білдірді. Әнші жазбасында Аша өзіне көзін алайтып қарағанын және кейін өзі отырған дастарханға жайғасқанын айтып, бұл жағдайды әзілмен жеткізген. Сонымен қатар Меруерт Түсіпбаева мұндай әрекетті үлкен ортадағы әдеп нормаларына сай емес деп санайтынын білдірді. «Негізі, үміткер ханымға айтпағым, нағыз мәдениетсіздік қой — сәлемді алмау. Тем более, үлкен ортада, жан жағымыз — зиялы қауым. Мен ұялдым сен үшін!» деп жазды ол. Сондай-ақ әнші Аша әлеуметтік желіде әлеуметтік мәселелерді көтермей, депутаттыққа үміткер болғанын сынға алды. «Сені депутат қылып халқым сайлайды деп дәметіп пе едің?! Наивно полагать, шутишь?! Я думала, ты шутишь», – деді Меруерт Түсіпбаева. Жазбасының соңында әнші қазақ қоғамындағы амандасу әдебіне тоқталып, жасы үлкен адамның сәлем беруі, ал жасы кіші адамның оны ілтипатпен қабылдауы керектігін атап өтті. Меруерт Түсіпбаеваның бұл жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.