Жаңалықтар
Грантпен білім алған түлектер ауданда қызметке конкурссыз тағайындалады
- author BAQ-Orda
- 20 қаңтар, 2023
- 73
Грантпен білім алған түлектер ауданда қызметке конкурссыз тағайындалады
Жоғарғы оқу орнын үздік бітірген түлектер конкурстан өтпей-ақ мемлекеттік қызметке жұмысқа орналаса алады. Оқуын грантпен аяқтаған азаматқа ауылдық жерлерден және аудандық әкімдіктен лауазым ұсынылады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Дархан Жазықбаев айтты.
Оның айтуынша, сенімді ақтамаған мемлекеттік қызметшіні президент өзі жұмыстан шығара алады. Ал қызметінен қуылған адам мемлекеттік органда 3 жыл бойы жұмыс істей алмайды.
Екі тоқсан бойы жұмысы тиімсіз бағаланған қызметшілердің лауазымы төмендетіледі. Төменгі лауазым бос болмаған жағдайда жұмыстан шығарылады. Бұл мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдету болып отыр, – деді ол.Ал Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жоламановтың айтуынша, президент резервіне кадр іріктеу биыл да жалғасатын болады. Мамандарды салалық органдардың өкілдері таңдайды. Яғни, қандай салаға маман тапшы, сол қызметке адам іздейді. Ал бізде көбіне IT, энергетика, білім сынды салаларға білікті азаматтар қажет. «Қазіргі алғашқы кезең бойынша 300 адам іріктелді. Екінші іріктеуде 50 маман алдық. Олардың жалпы саны – 350. Бүгінде бұл азаматтардың 258-і жұмысқа орналастырылды. 23-і – мемлекеттік саяси қызметте, ал 10 адам «А» корпусында жоғары лауазымға тағайындалды», – деді ол.