Жаңалықтар
Қайрат Боранбаевқа тиесілі автотұрақтар қайтарылды – Алматы әкімі
- author BAQ-Orda
- 20 қаңтар, 2023
- 74
Қайрат Боранбаевқа тиесілі автотұрақтар қайтарылды – Алматы әкімі
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде алдағы уақытта қала бойынша көпқабатты автотұрақтардың салынатынын айтты. Сондай-ақ базар маңындағы орындар «AParking» компаниясынан қаланың меншігіне берілгенін еске салды.
Паркингтен түскен кіріс жергілікті бюджетке жіберіледі. Биыл бағдарлама басталып, орындар ізделеді. Базар маңындағы орындар «AParking»-тен қалаға берілді, – деді Ерболат Досаев.Сондай-ақ ол қала билігі тұрақтарды сату мүмкіндігін қарастыратынын атап өтті. Бұған дейін ақылы тұрақтарды қадағалайтын «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС-нің директоры Марат Пірінбеков қамауға алынған еді. Кейін Алматы басшылығы ақылы автотұрақтардың әкімдік меншігіне қайтарылатынын мәлімдеді. «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС бірыңғай оператор ретінде қаланың бес ауданында (Алмалы, Бостандық, Жетісу, Медеу, Түрксіб) орналасқан тротуар тұрақтарына қызмет көрсетуге маманданған. Әкімдікке осы ЖШС-нің 30 пайызы тиесілі.
Келесі мақала