Жаңалықтар
Біз үшінші дүниежүзілік соғыстың алдында тұрмыз — Трамп
- author BAQ-Orda
- 30 қаңтар, 2023
- 217

Біз үшінші дүниежүзілік соғыстың алдында тұрмыз — Трамп
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Джо Байденді әлемді үшінші дүниежүзілік соғыстың шегіне жеткізді деп айыптады. Бұл туралы Бақ-орда Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Дональд Трамп Оңтүстік Каролинадағы республикашылдармен сөйлесті. Ол АҚШ-тың қазіргі президентінің қабілетсіздігін мәлімдеді.
«Джо Байден өзінің әлсіздігімен және біліксіздігімен бізді үшінші дүниежүзілік соғыстың табалдырығына жеткізді. Егер біреулеріңіз білмесеңіздер айтайын, біз үшінші дүниежүзілік соғыстың алдында тұрмыз», — деді Трамп.Трамптың айтуынша, егер ол президенттік қызметті өзі атқарған болса, онда Украина мен Ресей арасындағы соғыс болмас еді. Саясаткер егер өзі мемлекет басшысы болып тағайындалса, 24 сағат ішінде бұл елдер арасында бейбіт келісімге қол жеткізетініне, «күш арқылы тыныштықты» қайтаратынына уәде берді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қарағанды да 8 наурыз мерекесі қарсаңында кімдерге төлем беріледі
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жарына жазған хаты желіні шулатты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025