Жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеу аяқталды
- author BAQ-Orda
- 8 тамыз, 2023
- 71
Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеу аяқталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ол «Аqjaiyq» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасарына оның сенім білдірілген адамдарымен жұмысты нақты орындамай-ақ өтеулі қызметтер көрсетудің жалған шарттарын жасасу туралы заңсыз нұсқау беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп күдіктенеді.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке айтарлықтай зиян келтірілді», - деп мәлімдеді Антикордан.
Күдіктіні процессуалдық ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады.
Қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен аяқталып, сотқа жолданды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, бұған дейін құзырлы орган БҚО әкімінің орынбасары ұсталмағанын хабарлаған болатын.
«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және telegram-арналарда Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен «Ақжайық» ӘКК экс-басшысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұстағаны туралы ақпарат таратылуда.
Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Аталған адамдар ұсталған жоқ», - деп жазған еді Антикордан.
Артынша БҚО әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев қызметінен кетті
Келесі мақала