Жергілікті атқарушы органның грантымен С.Д.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінде жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін жалпы медицина мамандығы бойынша 42 білімгер оқиды (о.і. 2019 ж.-12, 2020 ж.- 10, 2021 ж.- 10, 2022 ж-10).
Осы университетте жергілікті бюджет есебінен, оқу бітіргеннен кейін Жамбыл облысының мемлекеттік медициналық ұйымдарында 5 (бес) жыл жұмыс істеу міндеттемесімен оқу бітіріп, 2022 жылы 16 дәрігер , 2023 жылы 19 резидент жұмысқа келді. Олардың ішінде, акушер-гинеколог, анестезиолог-реанимотолог, неонатолог, гематолог, ревматолог, психиатр, пульмонолог, аллерголог, невролог, онколог мамандары бар. Бүгін оларды өңірдің емдеу мекемелері басшылары қажеттілігіне сай жұмысқа қабылдады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова бітірушілерге аймақ халқы денсаулығын арттыру ісіндегі алғашқы баспалдақтары басталуы жолына тиісті кеңестер айтып, сәттілік тіледі.
Бүгінде жоғарғы оқу орнында облыс гранты негізінде 63 дәрігер білім алуда.
Өңірдегі медицина кадрларының тапшылығы мәселесін шешу мақсатында жергілікті бюджеттен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бар кадрларды даярлау үшін гранттар бөлінген.
Жергілікті атқарушы органның грантымен С.Д.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінде жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін жалпы медицина мамандығы бойынша 42 білімгер оқиды (о.і. 2019 ж.-12, 2020 ж.- 10, 2021 ж.- 10, 2022 ж-10).
Осы университетте жергілікті бюджет есебінен, оқу бітіргеннен кейін Жамбыл облысының мемлекеттік медициналық ұйымдарында 5 (бес) жыл жұмыс істеу міндеттемесімен оқу бітіріп, 19 дәрігер жұмысқа келді.