Контентке өту

Президент Құрылтай сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Құрылтай сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президент қаулысында Құрылтай депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалғаны көрсетілген.

Орталық сайлау комиссиясына Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастыру тапсырылып отыр.

Үкіметке, Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараны кідіріссіз қабылдау бұйырылған.

Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты