Жаңалықтар
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы тағайындалды
- author BAQ-Orda
- 22 тамыз, 2023
- 198

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Абдралиева Сандуғаш Ермаханқызы облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Сандуғаш Ермаханқызы 1981 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданында туған.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «мемлекеттік муниципалдық басқару», Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын Алматы экономика және статистика институтының Жамбылдағы филиалының әдіскері болып бастаған.
Әр жылдары Жамбыл облысы әкімінің экономика басқармасының жетекші маманы, бас маманы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.
2014 жылғы қаңтардан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.
Келесі мақала
Жамбыл облысында 23 спорт кешенінің құрылысы жүруде
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қарағанды да 8 наурыз мерекесі қарсаңында кімдерге төлем беріледі
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025
Жаңалықтар
Нұрсұлтан Жақсыген бұрынғы жарына жазған хаты желіні шулатты
- авторBAQ-Orda
- 26 ақпан, 2025