БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тағайындалды

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тағайындалды
caption
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Жауынбекова Гүлдана Әлімжанқызы облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды. Гүлдана Әлімжанқызы 1976 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданында туған. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «инфрақұрылымдағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Байзақ ауданы әкімінің білім басқармасының есепшісі болып бастаған. Әр жылдары Байзақ ауданы әкімінің білім басқармасының экономисі; облыс әкімдігінің білім басқармасының бас маманы, орталықтандырылған бухгалтериясының экономисі, білім беру департаментінің  бөлім бастығы, мәдениет басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, білім басқармасының бөлім бастығы, басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2017 жылғы қазан айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы лауазымында еңбек етіп келді.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар