Контентке өту

Мемлекет басшысы: «Көшпенділер ойындарының мәртебесі – баршамыздың ортақ абыройымыз»

Мемлекет басшысы: «Көшпенділер ойындарының мәртебесі – баршамыздың ортақ абыройымыз»
ашық дерек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының маңызына тоқталып, бұл жарысты түркі халықтарының ортақ құндылықтарын дәріптейтін маңызды шара ретінде бағалады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Президент бүкіл әлем түркі халықтарына назар аударып отырғанын айтып, Көшпенділер ойындарын бірлесе дамытуға шақырды.

«Қазақстан осы ортақ іске белсене атсалысуға қашанда дайын. Екі бауырлас елге ата-бабаларымыздың қалдырып кеткен ең құнды өсиеті: бұл – өзара құрмет және мәңгі достық. Осы даналықты ұмытуға ешқандай хақымыз жоқ», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Ұлы дала өркениетінің мұрасын сақтау және оны жас ұрпаққа жеткізу баршаға ортақ міндет екенін атап өтті.

«Біз – Ұлы дала өркениетінің заңды мұрагерінің біріміз. Батыр бабаларымыз ұлан-ғайыр жерді бізге аманат етті. Салт-дәстүрімізді, рухани құндылықтарымызды мұра етіп қалдырды. Қастерлі қазынаны көздің қарашығындай сақтап, жас буынға табыстау – ортақ парызымыз», – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдағы мәдениет пен сабырлылықтың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, спортшылардан бастап мемлекеттік қызметшілерге, кәсіпкерлерге, дәрігерлер мен ұстаздарға, студенттер мен ғалымдарға дейін барша азамат даңғаза мен айқай-шуға жол бермеуі қажет.

«Сонда ғана қазақ халқы толыққанды өркениетті қоғам болады», – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстанның мақсаты биік, жоспары айқын екенін айтып, елдің болашаққа сеніммен қарайтын озық ойлы ұлт ретінде алға ұмтыла беретінін жеткізді.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты