Контентке өту

«Екінші әйел алуына рұқсат берсем де, оңай болған жоқ»: Айтуғанның бірінші әйелі бар шындығын айтты

«Екінші әйел алуына рұқсат берсем де, оңай болған жоқ»: Айтуғанның бірінші әйелі бар шындығын айтты
ашық дерек

«Еркешока» лақап атымен танылған блогер Әсем мен Айтуған осыдан біраз уақыт бұрын неке қиып, көпшіліктің сынына қалған еді. Себебі Айтуғанның бұған дейін әйелі мен балалары болған, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Айтуғанның бірінші әйелі Ильнура блогер Лауланың подкастына сұхбат беріп, отбасындағы жағдай туралы ашық айтты

Ильнураның сөзінше, Айтуған басқа адамды ұната бастаған. Ол кезде ер адам Қытайда бизнеспен айналысып, көп уақытын сыртта өткізген.

«Айтуған басқа адамды ұната бастады. Ол Қытайда бизнеспен айналысты. Мен үйде қалып қойдым. Екеуміздің екі түрлі дамып жатқанымызды түсіндім. Ол елді көре берді, дами берді. Ең ауыр тигені – өзіңді тастанды сезіну. Оның өмірінде мен жоқ сияқты болып қалдым. Мені естімейтін сияқты, мені көрмейтін сияқты», – деді Ильнура.

Ол сол кезде өзіне түрлі сұрақ қойғанын да жасырмады.

«Отбасы құрғанымызға көп болған жоқ. «Аз ғана уақыттың ішінде менен жалығып кетті ме?», «Мен оған қызықсыз болып қалдым ба?» деген сұрақтар көп болды. Бірақ кінә менен емес екенін көп ұзамай түсіндім. Таяқтың екі ұшы болады», – деді ол.

Ильнура отбасын сақтап қалу үшін Айтуғанның екінші әйел алуына рұқсат бергенін айтты. Оның басты мақсаты – балаларының толық отбасында өсуі болған.

Алайда бұл шешім оған оңай тимеген. Оның айтуынша, ұзақ уақыт бойы ойланып, ұрыс-керіс пен күйзелісті бастан өткерген. Тіпті үйден кетіп қалған кездері де болған.

«Отбасын сақтап қалғым келді, сондықтан екінші әйел алуына рұқсат еттім. Балаларымның толық отбасында өскенін қаладым. Бірақ екінші әйел алуына рұқсат берсем де, оның бәрі оңай тиген жоқ. Ұзақ ойланып, ұрыс-керіс, күйзеліс, кетіп қалған күндерім де болды. Қаншама уәде бергеннен кейін қайтып келдім. Бірақ ол уәденің ешқайсы орындалмады», – деді Ильнура.

Оның айтуынша, Айтуған мен Әсемнің қарым-қатынасы үш жылға созылған. Ильнура бұл жағдайдың өзіне қалай әсер еткенін подкаст барысында егжей-тегжейлі айтып берген.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты