Қайғылы оқиғадан кейін Мәдинаның анасы алғаш рет оның күйеуі Мадиярмен жүздесті. Алайда Мадияр марқұмның анасына назар аудармай, жанынан үнсіз өтіп кеткен, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Осы сәтте қызынан айырылған ана эмоциясын ұстай алмай, жылап жіберген. Мадиярдың артынан қарап тұрып, «Қызымды тап!» деп айқайлаған.
Оқиға орнында болған журналист Жан Ахмадиев бұл сәтті әлеуметтік желіде жариялады. Оның айтуынша, егер Мадияр сұхбат беруге келіссе, ол онымен сөйлесуге дайын.
Бұл кездесу әлеуметтік желі қолданушыларының да назарын аударып, қыздың анасының жағдайына алаңдаған пікірлер көп жазылуда.