Жаңалықтар
Мұғалімдікті мен «образ жизни» яғни жұмыс ретінде емес, өмір сүру дағдым ретінде қабылдаймын - жас ұстаз Тоғжан Лаубай
- author BAQ-Orda
- 18 қыркүйек, 2023
- 149
Мұғалімдікті мен «образ жизни» яғни жұмыс ретінде емес, өмір сүру дағдым ретінде қабылдаймын - жас ұстаз Тоғжан Лаубай
«Ел есінде бір жыл қалғын келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе, ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе, бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Мамандықтың оңайы болмайды. Жаның қалап, бар ынтаңмен жасаған қызметің – сен үшін ең оңай қызметтердің бірі болмақ. Сондай ерекше мамандықтың бірі – ұстаз болу. Жаңа Қазақстанның болашағы жас ұрпақтың қолында дегенді жиі естиміз,яғни ол дегеніміз еліміздің өркендеуі, дамуы әрқайсысымыздың үкілеп отырған үмітіміз жас буынның қолында дегеніміз. Қазақ елінің болашағы жастардың қолында деген сөзде үлкен мән мен мағына жатыр.Демек жас ұрпаққа мектеп табалдырығынан бастап мықты білім мен тәрбие берер болсақ елімізге қосқан үлкен үлес деп білеміз.Сондықтан да Жаңа қазақстандағы-жас педагогтердің рөлі орасан зор деуге болады. Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауында атап өтілгендей еліміздің ел болып бұдан ары қалыптасып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келуі тікелей жас мамандарға байланысты.Тәрбие тал бесіктен басталады деген қанатты сөз бар.Жоғарыда атап кеткенімдей ұлы мұғалім шабыттандырады демекші, әрбір ұстаз алдында отырған шәкіртіне мектеп есігін ашқан күннен бастап тәрбие мен білімді бойына қатар сіңдіретін болса ол балалардан болашақта үлкен үміт күтуге болады.Ұстаздық жолы қиын да қызық жол.Бұл мамандыққа келмей тұрып әрбір жас өзінің мойынында үлкен жауапкершілік пен жүктің тұрғанын білуі тиіс. Сол жауапкершілікті сезініп, осы еліміздің өркендеу жолында бар ынтасы мен күш жігерін салып жұмыс жасайтын болса, осындай педагогтардан білім алған еліміздің жастарынан болашақта елімізге қызмет ететін мықты мамандар шығады деп сеніммен айта аламыз. Жас педагогтар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты түрде жалғастырып қазіргі заманның талабына сай еңбек етер болса әрине қазақстанның болашағы зор деуге болады. Осы орайда, біз Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының тарих пәні мұғалімі Лаубай Тоғжан Құралбайқызымен сұхбат құруды жөн көрдік.
- Қайырлы күн, Тоғжан Құралбайқызы! «Ұстаздық ұлы жол» дейді, дегенмен оның қиындығы да бір төбе. Осындай жолды таңдауыңызға не түрткі болды?
Ұстаз болу – балалық арманым. Кішкене бала кезімнің өзінде - ақ көрші балаларды жинап алып, «мұғалім» образында сабақ беріп, бір ерекше сезімге бөленетінмін. Міне, сол кездің өзінде-ақ мұғалімдік мамандықты миссия ретінде өзіме таңдап алғандаймын.
- Жас маман ретінде айтыңызшы, қоғамдағы педогог мәртебесі қандай? Оқушылардан қандай көзқарас байқайсыз?
Мұғалімдікті мен «образ жизни» яғни жұмыс ретінде емес, өмір сүру дағдым ретінде қабылдаймын. Сондықтанда шығар бұл, мамандықтан ерекше бір сарқылмас энергия алатыным, жалпы әр адам өз таланттарына сай істермен үздіксіз айналысса міндетті түрде мәртебесі өсетініне сенімдімін. Оқушылардың көзқарасына келсек, мұғалімдік – ол зиялылық деп айтар едім, «зия» сөзі – нұр, жарық, ағару мағыналарын білдіреді. Демек, мұғалім - жарық шығаратын адам, ол жарықтың сәулесі алысқа түседі ма? әлде жақынға түседі ма әйтеуір бастысы жарық жығаруың керек, өйткені өзіңе ең ауыр миссияны ағартушылықты, мұғалімдікті таңдадың. Енді сол жарықты қалай алысқа түсіре аламыз? Біріншіден өз – өзіңді үздіксіз дамыту арқылы, өзің жарығың өзіңе жетпесе біреуге бере алмайсың ғой?! бұл бір мұғалімдік істің мәні сияқты,сен соған қызмет етесің, өзіңді «құрбан» етесің. Екіншіден, өзіңе берілген міндетті толық атқару, мысал келтіретін болсақ, қазіргі оқушыларды сабақ оқымасаң «аула сыпырушы боласың» деп соншалықты алыс болашақпен қорқыта алмаймыз, керісінше тарих, география сабағын оқысаң түрлі кибберспорт түрлерін ойнай аласың деген ынталандыру оларды еліктіруі мүмкін. Ол үшін оқушылардың қызығатын дүниелерін зерттеп біліп, олардың рухани әлеміне көтеріле алу. Көтеріліп, қазіргі оқушылардың әлемін түсінген мұғалім оқушының жүрегінен сөзсіз өз орынын табады.
- Жаңа энергия деп қалдыңыз, мұғалімдердің алдына күніне 100 ден аса бала келеді, әр қайсысына бөлек энергияны беру керек, сонда мұғалім өз саласында жетістікке жету үшін энергияны қайдан алады?
Оқып отырған кітаптан не көреген фильімінен сабаққа қолданатын фишка көргенде, былайша айтқанда оны жүзеге асыру үшін сабақтың қай бөліміне қосамын деп іздейсің, сол кезде ұйқысы келіп тұрған ми болса, ол ми қайта қуатталып кетеді ғой))) Не балалардың оқушылардың қоңырауға шықпай сені қаумалап сабаққа қатысты сұрақтарын қойған кезде, іште бір «бабочки в животе» дейді ғой, сондай бір сезім пайда болады, бұны сезіну тек мұғалімдерге берілген қуаныш деп білемі, былайша айтқанда үйретіп,үйреніп бақытты өмір сүру. Жалпы ұстаздық еткен 6 жылымда ресми жеңістер баршылық, бірақ жеңістерімнің ішіндегі ең дара жемісім «Ата – анадан келген хабарлама болды, онда былай делінген еді:»Менің баламның өмір жолын дұрыс таңдауға ықпал еткініңіз үшін, сізге мың алғыс»,енді бұл сөздер үш жылдық тәжірбиесі бар маманға мамандығын ары қарай сүйіп істеуі үшін жаңа бір серпіліс беріп, эвересттің шыңын бағындырғанмен тең болды;
- Қазіргі мұғалім қандай? Заманауи ұстаз қандай болуы керек?
Бұл сауалға менің тәжірбием әлі де жауап бере алмайтын сияқты, өйткені бір нәрсені түсініп, бір қадам алға бастым деп ойлаған сайын екі қадам артқа кетіп отырдым, сондықтан да өзімде аз – аздан үздіксіз даму жолындамын. Бірақ бүгінгі күннің мұғалімдеріне керек топ қабілетті Gallup тесті бойынша айтып өтейін: «Лөрнер» - оқуды, оқытуды жақсы көретін адам, «Девлопер» - дамытуды, дамуды жақсы көретін адам. Пәніне қарай «Коммуникейшен» - көпшіліктің алдында еркін сөйлей алу қабілеті былайша айтқанда мұғалімнің - «модерн» болуы.
- Педагог болудың артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталыңызшы. Ұстаз болғысы келетін мектеп түлектерін бұл мамандықпен қалай қызықтырар едіңіз?
Мектепте сабақ беруде ең үлкен проблема мынау сияқты деп ойлаймын, өйткені менде өзімде де болды, пәнді баладан жоғары қою, мен қашан жоғары қойдым, сол кезде «сен қалай түсінбейсің!» «бұл пән саған керек», «осыны қалай ғана түсінбеуге болады»?! деген сияқты, Шаталов айтады ғой екі түрлі мұғалім болады, біреуі пәнге баламен бірге келеді, демек ол пәнді баладан артық қоймайды, екіншісі пәннің аясында ғана баланы шақыру, келетін бала келеді, келмейтін бала келмейді, екеуінің конверсиясы қазіргі түсінікте екі түрлі. Жалппы, әр адам өз орнындағы, өзінің істеп жүрген қызметінің құндылығын түсіне алса, оны басқаға түсіндіре алса, ол мамандығынан кемшілік көрмейді. Ал, артықшылығына тоқталатын болсақ өз салаңның профессионльі болу үшін тағы бір екі – үш мамандықты алып жүруің керек, әриене ең бірінші пәніңді меңгеруің керек, екінші соған ұқсас, соған көмектесе алатын мамандықты игеруің керек, жаңаша технологиялардан бөлек, мысалы отбасы психологиясын базалық, ақпараттық деңгейді оқып үйренуің ол үшін арнайы 3-4 ай оқытатын курстарда бар, демек өмір бойы білім алуың осы саланың артықшылығы.
- Жас мамансыз. Білім беруде қандай креативті тәсілдерді пайдаланасыз?
Парето заңы бар ғой соны сабақтарда пайдаланамын, 80/20 деген нәрсе, 80 пайызын мықты тұстарыңа, 20 пайыз әлсіз тұстарыңа, яғни адам сүйікті істеріммен шұғылданған кезде патокка кіріп кетедіда, уақыттың қалай өткендігін сезбей қалады. Мұғалім өзінің қолынан келетін істеріне мықтырақ көңіл бөлсе, сынып қандай әдіс арқылы тақырыпты меңгере алады, ол осыныпта отырған оқушылардың қызғушылығын қандай тәсілмен табамын деп іздесе, ең қиын тақырыпты, ең оңай жолмен түсіндірудің жолын іздеп, мықты шешімін тапса, сол сабақ табысты сабақ, нағыз креативті тәсіл сол сыныптың оқушыларының «паретосын» табу деп айтар едім.
- Сұхбатыңызға рақмет, ісіңізге сәттілік тілеймін!