БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Әуесқой футбол командалары арасында қала әкімінің Кубогы өтті

Әуесқой футбол командалары арасында қала әкімінің Кубогы өтті
caption
Әуесқой футбол командалары арасында қала әкімінің Кубогы өтті
  Биылғы жылдың қыркүйек айында әуесқой футбол командалары арасында Тараз қаласы әкімінің Кубогы басталған болатын. Тартысқа толы болған турнир бүгін түйінделіп, жеңімпаздары анықталды.
Тараз қаласының әкімдігі мен Жамбыл облысының футбол федерациясы ұйымдастырған додаға жалпы саны 16 командадан 400-ден астам адам қатысты.
Осы кезге дейін өткен 32 ойынның нәтижесі бойынша 4-орынды «Самғау», 3-орынды «ҰҚК» командасы олжаласа, 2-орын «Омега», 1-орын «Достар» құрамасына бұйырды. Сондай-ақ Тоқтар Төлегенов (Самғау) «Үздік қақпашы», Джамшит Тоқтамұратов (ҰҚК) «Үздік қорғаушы», Бауыржан Шерхан (Достар) «Үздік жартылай қорғаушы», Нұрасыл Жақсымұрат (Омега) «Үздік шабуылшы», Нұрсұлтан Мазбаев (Достар) «Үздік ойыншы» номинацияларымен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы медальдар мен кубоктар және қаржылай сыйлықтар табысталды.
   
Тараз қаласының әкімдігі
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар