Тарих пәнінің мұғалімдеріне арналған семинар
Бүгін Майтөбе ауылындағы А.Дәулетбеков атындағы орта мектебінде «Тарих пәнінен оқыту әдістемесі, ерекшеліктері оқушыларды тестілеуге дайындаудың тиімді жолдары» атты семинар өтті. Іс-шараның мақсаты – тарих пәні мұғалімдеріне білім алушыларды тестілеуге, мәтіндермен жұмыстарға дайындаудың тиімді жолдары мен бағалау, тест түрлері, нәтижелерін талдау түрлерін ұсыну, тәжірибе алмасу.
Семинарда баяндама оқылды. Келген мұғалімдер жаңа интербелсенді əдіс тәсілдермен ұйымдастырылған сабақтарға қатысты. Тренинг өтті. Тəжірибе алмасты.
Бүгінгі семинарға қатысушылар жоғарғы деңгейде өткенін, жаңа әдіс — тәсілдердің дұрыс қолданылғанын, мұғалім шеберлігімен оқушыларды тез өзіне баурап, сабақ белсенді іс — әрекетпен өткенін айтты. Оқушылар да ешнәрседен қаймықпай, сабақта белсенділік танытып, өз білімдерін жоғарғы деңгейде көрсетті.
Семинар барысында педагогтерге тарих пәнінен білім алушыларды тестілеуге дайындаудың тиімді жолдары, тест түрлері мен тапсырмалардың ерекшеліктері, тест спецификациясы, оқулықтар, тест нұсқалары, дайындық жұмыстарының бағыттары бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Мақсат Қазанғапов,
Талас аудандық білім бөлімінің басшысы
Келесі мақала