Жаңалықтар
Жалға алынған үйді есірткі зертханасына айналдырғандар ұсталды
- author BAQ-Orda
- 3 ақпан, 2024
- 245
Жалға алынған үйді есірткі зертханасына айналдырғандар ұсталды
Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды қаласында жалға алынған жеке үйде орналастырылған синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Осылайша, 24 - 25 қаңтарда жедел қызметкерлер Қазақстан аумағында сату мақсатында есірткіні заңсыз дайындауға күдікті екі азаматты ұстады.
Тінту барысында 7,5 мың бір реттік дозаға эквивалентті 1,5 кг астам психотроптық заттар, сондай-ақ оларды дайындайтын құрылғы мен компоненттері алынды.
Қолда бар мәліметтер бойынша, зертхана жуық арада құрылған, ал ҰҚКД өткізген операция күдікті адамдардың есірткінің ауқымды өндірісін және сатылымын ашу әрекетін болдырмады.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Соттың санкциясымен ұсталған тұлғаларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
ҚР Қылмыстық-процестік Кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Келесі мақала
Таразда 300-ге жуық жас сарбаз ант қабылдады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында агросекторды дамытуға шамамен 30 млрд теңге субсидия бағытталды
- авторAdmin
- 4 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК ОТАРБАЕВ БАЙЗАҚ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
- авторAdmin
- 3 желтоқсан, 2025




