Алматыда электрик тоққа түсіп қайтыс болды
Қайғылы оқиға Медеу ауданының Горводопровод көшесінде болды. Маман көз жұмған соң, сол орнында бір сағаттан астам уақыт жабысып тұрған, деп хабарлайды БақОрда Астана арнасына сілтеме жасап. Тұрғындар бұл маңда жарықтың жиі өшетінін айтады. Бұл жолы да электрикті тұрғындардың өзі шақырыпты. Олар «маманның көз жұмуына қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп» деп отыр. «Бұдан бөлек қолайсыз ауа райы да әсер еткен болуы керек» дейді.
Серікбол ҚАЙРАМБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Біз үшін күтпеген жағдай болды. Маман көз жұмған соң, сол орнында бір сағаттан астам уақыт жабысып тұрды. Кеше күні бойы қалың қар жауды ғой. Мәселе сонда болуы мүмкін. Оның үстіне электриктің өзі де дайындықсыз келген сияқты. Үстінде арнайы киім болғанымен, саты, басқа да құрылғыларды көршілерден алды. Басшылық мұны қадағалауы тиіс деп ойлаймын.
Бұл желілер Алматы қаласының коммуналдық меншігінде көрінеді. Оларға осы уақытқа дейін «EC Energy Qazaqstan» компаниясы қызмет көрсетіп келген. Аталған жекеменшік компания тұрғын үйді электрмен жабдықтауға рұқсатсыз қоспақ болған. «Тиісті жұмыстар өз бастамалары бойынша жүргізілді»,- дейді әкімдік өкілдері.
Мерей ОҢҒАРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Медеу ауданындағы Горводопровод көшесіндегі тұрғын үйдің жанында «EC Energy Qazaqstan» қызметкері тұрғын үйді электрмен жабдықтауға рұқсатсыз қосу кезінде электр тоғына ұшырады. Бұл жұмыстар басқарма және Алатау Жарық компаниясы жағынан келісілмеген және хабарланбаған
Келесі мақала