Жаңалықтар
Мәулен Әшімбаев Иран елшілігінде көңіл айту кітабына жазба қалдырды
- author Admin
- Бүгін, 17:35
- 12
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
Сапар барысында Мәулен Әшімбаев қайғылы оқиғалар салдарынан Иранның рухани көшбасшысы Сейед Әли Хаменеиге жақын тұлғалардың, мемлекет басшылығы өкілдерінің және бейбіт тұрғындардың қаза болуына байланысты Иран халқына көңіл айтты.
Сондай-ақ Сенат төрағасы Әли Акбар Джоукармен кездесіп, Иран халқына қолдау білдіретінін жеткізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы достық қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті. Мәулен Әшімбаев Иран Қазақстанның жақын көршісі әрі сенімді серіктесі екенін айтып, еліміздің өңірдегі кез келген шиеленісті бейбіт жолмен шешуге жәрдемдесуге дайын екенін жеткізді.




