БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Спорт деген бір сиқыр

Спорт деген бір сиқыр
caption
Спорт деген бір сиқыр
Сурдлимпиадашыларды қошеметпен қарсы алды Әулиеата жұртшылығы Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан ХХІV Жазғы Сурдлимпиада ойындарында жүлдегер атанған спортшыларды сән-салтанатпен қарсы алды. Айта кетейік, Ұлттық құрама сапында Жамбыл облысынан дзюдо күресінен Анна Краморова жекелей сында күміс, командалық жарыста қола медаль иеленсе, Кара оглы Фериде жекелей және командалық жарыста үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар Эвелина Егембердиева мен Айдос Түгелбаев командалық жарыста қола медальдерге қол жеткізді. Жерлестеріміздің жеңісті жорығы жалғаса бергей! Ресейлік маман Ұлттық құраманың тізгінін ұстады  width= Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына ресейлік маман Магомед Адиев тағайындалды. Жаңа бапкердің кандидатурасы Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің шешімімен бекітілген. Магомед Адиев 2021 жылы қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері қызметін атқарып, УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңіне жеткізген болатын. Оның бапкерлігімен қарағандылық ұжым Қазақстан Кубогының финалына да шыққаны көпшіліктің есінде. Сондықтан ресейлік маман Ұлттық құраманы биіктерге жетелейді деп сенеміз. Канело күзде Головкинмен кездесе ме?  width= Matchroom Boxing промоутері Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің қыркүйекке жоспарланған үшінші жекпе-жегі өтпеуі мүмкін екенін мәлімдеді. Оған мексикалық боксшының Лас-Вегаста ресейлік Дмитрий Биволдан жеңіліп қалуы себеп. Еске сала кетсек, Канело ресейлік боксшыдан жартылай ауыр салмақта WBA әлем чемпионы титулы үшін болған жекпе-жекте төрешілердің шешімімен жеңіліс тапқан болатын. Осылайша Головкин-Канело трилогиясына нүкте қойылған секілді. Ольганың қоржынында қос медаль  width= Әлемнің 100 елінен келген 4 мыңнан астам спортшы бақ сынап жатқан Бразилиядағы Сурдлимпиада ойындары қазақстандықтар үшін сәтті өтуде. Айталық, күні кеше Ольга Хижнякова ядро лақтырудан күміс жүлдені, балға лақтырудан қола медаль еншіледі. Осылайша отандасымыз қос медальге қол жеткізіп отыр. Алуаның айы оңынан тууда  width= Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Түркияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының екінші кезеңіне шықты. 48 келіде өнер көрсететін ол канадалық Приянка Диллонмен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жектің үш раундын да Балқыбекова өзінің бақылауында өткізіп, оның қорытындысы бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті. Алуаның келесі қарсыласы алдағы уақытта белгілі болады. Эрлинг Холанд «Манчестер Ситиде»  width= Трансфері талай клубтың арманына айналған Норвегия құрамасы мен дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Эрлинг Холанд «Манчестер Ситиге» ауысты. Жас шабуылшы команда сапына 2022 жылдың 1 шілдесінде қосылмақ. Норвегиялық футболшы мен англиялық клуб арасындағы келісімшарттың 5 жылға жасалғаны белгілі болды. Оған сәйкес, Эрлинг Холанд апта сайын 375  000 фунт жалақы алады. Сұрмерген 2020 жылдың қаңтарында дортмундтың «Боруссиясына» ауысқан еді. Екі жарым маусымда ол германиялық клуб сапында 88 матчқа қатысып, 85 гол соққан. Сонымен қатар 23 нәтижелі пастың авторы атанған. Дайындаған Жұматай КӨКСУБАЙҰЛЫ
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар