БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

«Тараз» көш бастады

«Тараз» көш бастады
caption
«Тараз» көш бастады
«Тараз» турнир кестесінде көш бастады. Кейінгі кездері ел чемпионатында жасындай жарқырап жүрген жерлестеріміз апта басында Түркістан төрінде «Мақтаарал» командасын тізе бүктіріп, 17 ұпаймен топ басына шықты. Кездесуде соғылған жалғыз әрі жеңіс голының авторы – команда капитаны Мақсат Әмірханов. Әрине, алда әлі ұзақ жол тұр. Десе де, футболшыларымыздың сырт алаңдағы жеңісі жанкүйерлерді серпілтіп, тұғыр төрінен көрінуге деген үміт отын жақты. Себебі азулы «Астана» үш, ал «Қайрат» төрт ұпай артта қалып келеді. Сондықтан жігіттерімізге қазір тек білгенінен жаңылмау керек. Айтпақшы, өткен жетіде облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Тараз» футбол клубының басшылық құрамымен кездесіп, осы маусымға үлкен үміт артатынын айтқан. Міне, осы сенім үдесінен жерлестеріміз сенімді түрде шығады деп сенеміз. Жұматай Көксубайұлы
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар