Контентке өту

«Бөлек отау болдық»: Майғазиевтер әулетінің келіні Адия Астанаға көшіп, жаңа үйін көрсетті

«Бөлек отау болдық»: Майғазиевтер әулетінің келіні Адия Астанаға көшіп, жаңа үйін көрсетті
ашық дерек

Майғазиевтер әулетінің келіні Адия әлеуметтік желідегі парақшасында Астанаға қоныс аударып, жаңа үйге бөлек шыққандарын көрсетті, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Жас келін жаңа шаңырағын ретке келтіріп, үйге қажетті заттарды алып, ыдыс-аяқ таңдаған сәттерін оқырмандарына бөліскен.

Адия өз алдына жеке отау болғанына қуанышты екенін айтып, баспанасын біртіндеп жайғастырып жатқанын көрсетті. Жарияланған видеодан оның жаңа үйге қажетті бұйымдарды таңдап, тұрмыстық заттарды орналастырып жүргенін көруге болады.

Бұл жаңалық желі қолданушыларының назарын аударып, жас отбасының ата-анадан бөлек тұруы қызу талқыланды.

Оқырмандардың бір бөлігі жастардың жеке шаңырақ болып, өз алдына тұрғанын құптады. Ал кейбір желі қолданушылары Сәкен Майғазиевтің жалғыз ұлын бөлек шығарғанына таңданысын білдіріп, бұл жағдайға қатысты түрлі пікір қалдырған.

Осылайша, Адияның жаңа үйін таныстырған жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты