Контентке өту

Бақытжан Базарбек қағып кеткен Нұржігіт ауруханадан шықты

Бақытжан Базарбек қағып кеткен Нұржігіт ауруханадан шықты
ашық дерек

Депутат Бақытжан Базарбектің көлігі қағып кеткен Нұржігіт ауруханадан шықты. Бұл туралы депутаттың өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Видеодан Базарбектің Нұржігітті Тараз қаласындағы көпбейінді ауруханадан қолтықтап алып шыққанын көруге болады. Депутат пен оның жақындары азаматпен жылы қоштасып, шығарып салған.

Нұржігіт осыдан 31 күн бұрын ауруханаға түскен. Оның 24 күн бойы комада жатқаны белгілі болды.

Қазіргі таңда Нұржігіттің ауруханадан шыққаны туралы ақпарат жарияланды.

Admin

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты