БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің финалында күтпеген жерден жеңіліп қалды

Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің финалында күтпеген жерден жеңіліп қалды
Championat.com
Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің финалында қарсыласына есе жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамидегі WTA 1000 турнирінің финалына екінші рет шыққан еді. Өкінішке қарай, отандасымыз бұл жолы жарыс жеңімпазы атана алмады. Ол финалда америкалық Даниэль Коллинзға қарсы ойнап, екі сетте 5:7, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Бұл қос спортшының теннис алаңындағы бесінші кездесуі еді. Рыбакина үш рет америкалық теннисшіден басым түссе, Коллинз екінші рет жеңіп отыр.

Айта кетейік, Майамидегі WTA 1000 турниріне әлемнің түкпір-түкпірінен 96 спортшы қатысып, 9 миллионға жуық АҚШ долларын сарапқа салынды. Рыбакинадан бөлек, Путинцева да бұл додада бағын сынап, ширек финалда ұтылып қалды.    

Admin
Автор

Admin

Admin

Ұқсас жаңалықтар