Контентке өту

Байзақ ауданында күзгі тазалық жұмыстары қарқын алды

Байзақ ауданында күзгі тазалық жұмыстары қарқын алды

Байзақ ауданында аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бағытындағы күзгі екі айлық басталды. Аудан әкімдігінің тиісті қаулысына сәйкес, қыркүйек-қазан айларында елді мекендердің көркін жақсартуға және қоғамдық орындардың тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Акция аясындағы алғашқы ауқымды сенбілікке аудан әкімі Олжас Баққараев бастаған мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, ұйымдар мен ауыл тұрғындары қатысты. Тазалық жұмыстары Сарыкемер ауылынан басталып, ауданның барлық ауылдық округтерін қамтыды.

Сенбілік барысында орталық көшелер, саябақтар мен скверлер, әлеуметтік нысандардың маңы және қоғамдық аумақтар ретке келтірілді. Арықтар мен жол жиектері тазаланып, қураған шөп пен бұтақтар жиналды. Артық бұтақтары кесіліп, жиналған қоқыс белгіленген орындарға шығарылды.

Тазалық шарасына Байзақ және Ботамойнақ ауылдық округтерінің мемлекеттік мекемелері мен білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының ұжымдары да белсенді атсалысты. Атап айтқанда, әкімдік аппараты, ауылдық клуб, мектептер, шағын орталық, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, медициналық ұйымдар және «Салтанат», «Бағлан», «Мейірім» балабақшаларының қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарды тазартты.

Ботамойнақ ауылдық округіне қарасты Байзақ ауылындағы сенбілікке 80-ге жуық мекеме қызметкері және ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылған 13 азамат қатысты. Әр ұжымға нақты учаскелер бекітіліп, жұмыстар ұйымдасқан түрде жүргізілді.

Осындай тазалық жұмыстары Мырзатай ауылдық округінің Мырзатай, Дихан және Сенкібай ауылдарында да өтті. Сенбілікке ауыл әкімдігі қызметкерлері, мектеп ұжымдары, медицина мамандары және тұрғындар қатысып, елді мекендердің орталық бөлігін, мектеп ауласын, медициналық нысандардың айналасын, жол жиектері мен қоғамдық орындарды тазалады.

Мырзатай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Қуаныш Ахимбековтің айтуынша, тазалықты сақтау бір реттік акциямен шектелмеуі тиіс.

«Тазалық – әр адамның күнделікті мәдениетінің бір бөлігі болуы керек. Ауылдың тазалығы мен көркеюіне әр тұрғын өз үлесін қосқанда ғана жайлы орта қалыптасады. Бүгінгі жасалған жұмыс – ең алдымен балаларымызға таза әрі көрікті елді мекен қалдыруға бағытталған ортақ іс», – деді ол.

Аудан аумағындағы абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары екі ай көлемінде тұрақты жалғасады. Сенбіліктерді жүйелі өткізу арқылы қоғамдық орындарды күтіп ұстау, көгалдандыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға басымдық берілмек.

Туған жердің тазалығы мен көркеюі – тек тиісті мекемелердің емес, барша тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Сондықтан аудан әкімдігі тұрғындарды тазалық бастамаларына белсенді қатысып, күнделікті өмірде қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады.

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Baq-orda.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламаларды өткізіп алмаңыз және сүйікті айдарларды кез келген жерде бақылаңыз.

Қосымша скриншоты Қосымша скриншоты