Жаңалықтар

Жаңатастағы тұрғын үйден өрт шықты

Жаңатастағы тұрғын үйден өрт шықты

Жамбыл облысының Жаңатас қаласында 3-қабаттағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды БақОрда.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша өрт орнына 2 адам және 1 техника жұмылдырылған. Өрт шыққан пәтерден 1971 жылы туған азамат құтқарылып, жедел ауруханаға жеткізілді. Құтқару операциясына: Сарысу ауданы ТЖБ басшысы Ж.Танабаев, 16-ӨСБ бөлімінің басшысы С.Исмайлов және бөлімше командирі Н.Ысқақов қатысты.