БАҚ Орда ақпараттық порталы. Қазақстан жаңалықтары

Байланыс

  • info@yoursite.com
  • 844-698-6394
  • Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов көшесі №5, Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі

ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН СТАЦИОНАРЛЫҚ БЕКЕТ АШЫЛДЫ

ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН СТАЦИОНАРЛЫҚ БЕКЕТ АШЫЛДЫ
caption
ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН СТАЦИОНАРЛЫҚ БЕКЕТ АШЫЛДЫ
Бекеттің ашылу салтанатына Қордай ауданы әкімінің орынбасары Бахыт Сахатов, Қордай ауданы ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Айдос Тобышақов және басқа да ардагерлер қатысты, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Жаңа нысанда бейнебақылау ішкі және сыртқы жағынан тәулік бойы жүргізіледі. Бөлмеде компьютер, стационарлық телефон, дабыл түймесі бар. Патрульдік полиция қызметкері мен учаскелік полиция инспекторы бейнетіркегіштер және планшеттермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, шара барысында патрульдік полиция қызметкерлеріне 2 жаңа қызметтік автокөліктің кілті табысталды.
– Жұмыстың сервистік моделіне көшу аясында біздің алдымызға қол жетімділікті, жеделдікті, жан-жақтылықты қамтамасыз ету, көмек көрсетудің кез келген мәселелері бойынша халықпен өзара іс-қимылды нығайту міндеті қойылды. Қырғыз Республикасымен шекаралас аудандағы стационарлық бекет құқық бұзушылықтардың алдын алу және полицияның “қадамдық қолжетімділік” қағидатын жүзеге асыру бойынша жұмысты жандандыруға мүмкіндік береді, – дейді Қордай АПБ бастығы Әлімхан Қарымсақов.
BAQ-Orda
Автор

BAQ-Orda

'БАҚ Орда' ақпараттық порталы

Ұқсас жаңалықтар